Шахмат

admin_urpaq

Шахмат – екі ойыншының сана деңгейінде айқасуы

Адамның ақыл-ойын дамытып, шешім қабылдауға үйретіп, зейінін ашатын  спорттың  түрі – шахмат. Адамзаттың ақ, қарасы аралас алпыс төрт торлы тақтаның бетіндегі айқастың жанкүйері болып келе жатқанына екі жарым мың жылдан асты. Шахматтың әлі талай буынның миын шынықтырар алаң бола берері де ақиқат. Бүгінде шахмат танымал спорт қана емес сұлу өнер, іргелі ғылымға айналып отыр.

Психологтар шахматты есте сақтау қабілетін арттырудың тиімді жолы деп атайды. Ол сондай-ақ күрделі мәселелерді шешуге және түрлі идеяларды ойлауға мүмкіндік береді. Сондықтан да болар, дәрігерлер альцгеймер ауруымен күресу үшін науқасқа шахмат ойнауды ұсынады.

Көптеген адамдар шахматты табиғатынан жоғары интеллектке ие адамдарға арналған ойын деп есептейді. Бұл шын мәнінде шындық. Бірақ сіз де шахмат ойнау арқылы ойлау қабілетіңізді айтарлықтай жақсарта аласыз.
Сонымен қатар, зерттеу шахматтың мидың екі жартышарын белсендіретінін, шығармашылықты, концентрацияны, сыни ойлауды және оқу дағдыларын жетілдіретінін көрсетті. Осыған орай, “Sun study” орталығында шахмат тобына қабылдау басталды.

Шахмат үйірмесіне жазылу үшін сайтымызда көрсетілген телефон нөмеріне хабарласыңыздар.