Ағылшын тілі үйірмесі

admin_urpaq

Тоғыз жолдың торабындағы Ұлы даланы мекен еткен қазақ халқы: «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл», «Қанша тіл білсең, сонша адамсың» — деп, тіл білудің маңызын ертеден түсінген. Бүгінгі жастар тек өз еліміз ғана емес, әлемнің әр қиырынан білім алғысы келеді.
Сондықтан халықаралық тілдердің ішіндегі ең кең таралған тіл — ағылшын тілін үйренуге тырысатыны түсінікті. Осы орайда, “Sun study” орталығында АҒЫЛШЫН ТІЛІ үйірмелері ашылғанын қуана хабарлаймыз!